Алматыда курьерлердің шеруге шыққаны рас па?

298

Жобаны Sәlem Entertainment медиакомпаниясы Epicentrum кинокомпаниясымен бірлесіп жүзеге асырып жатыр.

Алматыда курьерлердің шеруге шыққаны рас па? Фото: Бейнежазбадан

Алматыда курьерлер өздеріне арнайы кәсіби мерекенің жоқтығын айтып, көшеге жиналған. Аталған жағдай әлеуметтік желілердің бірінде пайда болған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.

Бейнежазбадағы ақпаратқа сүйенсек, шеруге шыққандар 7 қарашаны өздеріне кәсіби мереке етіп белгілеуді сұраған. Алайда қалалық Полиция депаратменті аталған фактіні жоққа шығарып, бұл фильм түсірілімі екенін мәлімдеді.

Әлеуметтік желіде тараған бейнежазба түсірілім алаңында жасалғанын жауапты кинокомпания да растады.

– Кадрлар 6 тамыз күні кешке "SHEKER. Последний шанс" толықметражды киносының түсірілім алаңында куәгерлермен жасалған. Жобаны Sәlem Entertainment медиакомпаниясы Epicentrum кинокомпаниясымен бірлесіп жүзеге асырып жатыр. Жалпы түсірілім процессі толығымен аяқталды, кино күзде жарыққа шығады, – деп хабарлады Sәlem Entertainment медиакомпаниясының баспасөз қызметінен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу