Алматыда күрес түрлерінен Азия чемпионаты басталды

825

Қазақстандық спортшылар қалай күресіп жатыр?

Алматыда күрес түрлерінен Азия чемпионаты басталды

Жарыстың алғашқы күнінде кілемде 55, 63, 77, 87 және 130 келіге дейінгі салмақ дәрежелерінде өзара мықтыны анықтайды, деп хабарлайды inbusiness.kz ҰОК сайтына сілтеме жасап.

13:45. 77 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жартылай финалда белдескен Демеу Жадыраев финалға өте алмады. Ол жартылай финалда тәжікстандық Далер Реза Задеге есе жіберді.

13.35. Қазақстандық Сұлтан Әсетұлы жартылай финалда қарсыласын ұтты. Сирия спортшысы Мухамаж Фуазды ол 12:4 есебімен жеңіп, 63 келіде финалға шықты.

13.11. Грек-рим күресінен Азия құрлықтық іріктеу турнирінің жеңімпазы Нұрсұлтан Тұрсынов Азия чемпионатының алғашқы кезеңінде қарсыласына жол берді. Ирандық қарсыласы Насер Хасен Ализадехке жол беріп, 3:1 есебімен ұтылды.

12:13. 77 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қазақстандық Демеу Жадыраев жарысты жеңіспен бастады. Оңтүстік Кореялық Ёнхун Нохты 7:1 есебімен таза жеңіп, келесі айналымға өтті. 

12:04. Әлімхан Сыздықов 130 келі салмақ дәрежесінде іріктеу кезеңін жеңіспен бастады. Ол жапониялық Сото Укумураны 8:0 есебімен жеңіп, жартылай финалдық жолдамаға иелік етті. 

11:37. Қазақстан сапынан бозкілемге бірінші болып 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Жансерік Сәрсенбиев шықты. Моңғолиялық қарсыласымен белдесіп, алғашқы айналымда 13:5 есебімен ұтылды. 

63 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде белдескен Сұлтан Әсетұлы бірінші кездесуінде қытайлық Тайпей өкілі Джю Чи Хуангты 9:0 есебімен ұтып, жартылай финалға жолдама алды.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу