Алматыда құрылыс алаңынан Өзбекстаннан келген 30 адам ұсталды

1019

Шетелдіктердің жеке басын куәландыратын құжаттары болмаған.  

Алматыда құрылыс алаңынан Өзбекстаннан келген 30 адам ұсталды

Көрші мемлекеттен келген азаматтар қаланың Алатау ауданындағы құрылыс алаңында жұмыс істеген, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Шетелдіктердің жеке басын куәландыратын құжаттары болмаған, осыған байланысты, олар Полиция департаментінің қабылдап-тарату бөліміне орналастырылды.

"Ұсталғандардың қала аумағындағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексереміз. Содан кейін олар әкімшілік жауапкершілікке тартылып, Қазақстаннан шығарылады. Жуырда Өзбекстан Республикасының Алматы қаласындағы консулдығымен бірге соттың шешімімен Қазақстаннан шығарылған Өзбекстанның 16 азаматы еліне қайтарылды", – деді Алматы қалалық ПД Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов. 

Сондай-ақ спикер Алматыда 7-16 маусым аралығында өткізілген "Келімсек" іс-шарасы барысында көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 1 785 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын, олардың 1 262-сі шетелдік азаматтар екенін атап өтті. 102 шетелдік Қазақстан Республикасынан шығарылды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу