Алматыда салынып жатқан "Новелла" тұрғын үй кешені аумағында қатты желден құлаған әйнектен жұмыскер қайтыс болды, деп хабарлайды "Интерфакс-Қазақсан".
Оқыс оқиға сейсенбі күні кешке Қабанбай батыр көшесі мен Ударная ауданындағы құрылыс алаңында болған.
"Қатты соққан жел салдарынан салынып жатқан нысандағы әйнек жұлынып кетіп, ер адамның үстіне құлаған. Ол жұмыскер болуы мүмкін. Ер адам сол жерде қайтыс болды", – деді ол.
Тап қазіргі уақытта оқиға орнында полицияның тергеу-жедел тобы жұмыс істеп жатыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу