Алматыда құрылыс аяқталмаған ғимаратты есік пен терезенің суреті басылған шүберекпен қаптап қойған

1127

Алматыда құрылыс аяқталмаған ғимаратты есік пен терезенің суреті басылған шүберекпен қаптап қойған

Алматыда "Сұңқар" халықаралық шаңғы трамплині кешеніне қарсы беттегі әл-Фараби, 128 а мекенжайындағы құрылысы аяқталмаған ғимаратты есік пен жалт-жұлт еткен терезелердің суреті басылған тентпен  қаптап тастады. Ғимарат алыстан қараған жанға құрылыс аяқталғандай көрінгенімен, жақындағанда шүберек астынан құрылыс баспалдақтары бұлдырап көрініп тұр, деп жазады  krisha.kz.

Құрылыс аумағында күзетшіден өзге ешкім болмады. Ғимаратта құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқан жоқ.

Абай даңғылы 42 мекенжайындағы (Байтұрсынов көшесінің қиылысы) бұрынғы казиноның бос тұрған ғимаратын да дәл осылайша "тәртіпке" келтіріп қойған. Оның сұрқы кеткен қасбетін жарнамалық ақ плакаттармен тыстаған.

Сірә, қаланы бұлайша сәндеу алдағы қысқы Универсиаданың өткізілуімен байланысты болса керек.

Естеріңізге сала кетейік, жарыс Алматыда 29 қаңтар мен 8 ақпан аралығында өтеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу