Бүгін ТЖМ күштері Алматы қаласының Алмалы ауданындағы Әуезов көшесінде орын алған өрт туралы хабарлама бойынша оқиға орнына жіберілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері оқиға орнына 7 минут ішінде жетті. Тексеру барысында бір қабатты құрылыс материалдары дүкенінің шатырында өрт болып жатқаны анықталды. Қалың түтін салдарынан өрттің ғимараттың шатыры арқылы жапсарлас салынған әкімшілік ғимаратқа өту қаупі туындады", – деп түсіндірді қалалық ТЖД өкілдері.
Өрт сөндірушілер өрттің шығу ошағын анықтап, жою үшін бензорездің көмегімен шатырды ашу жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ жапсарлас әкімшілік ғимаратты қорғау және өртті сөндіру үшін өрт сөндіру оқпандары берілді.
Оқиға орнында өртті сөндіру жұмыстарын ТЖД басшысы басқарды. Зардап шеккендер жоқ.