Алматыда құрылыс компанияларына сейсмикалық талаптар күшейтіледі

Бұл туралы Ерболат Досаев Жетісу ауданының тұрғындарымен кездесуінде айтты.    

Алматыда құрылыс компанияларына сейсмикалық талаптар күшейтіледі Фото: azattyq-ruhy.kz

"Өздеріңіз білесіздер, Алматыда  жоғары сейсмикалықты ескере отырып, бүкіл посткеңестік кеңістікте арнайы стандарттар шығаратын және бізде құрылыс үшін арнайы техникалық шарттар беретін бірегей, жалғыз институт - ҚазҚСҒЗИ бар. Біз қазірдің өзінде ең сейсмикалық белсенді аймақтағы қаланың жоғарғы бөлігінде  ғимараттың қабаттылығын шектедік, олар 9 қабаттан аспайтын болады. Бұл мәселелердің барлығы өздеріңізбен  бірге талқылаған Бас жоспар жобасында да ескерілген. Жоба бекітілген кезде мәселенің бәрі анықталады", – деді қала әкімі.

Сейсмикалық талаптарға қатысты нормалар көктемде жан-жақты талқыланып, күзден бастап қолданысқа енгізілмек.

"Кеше Мемлекет басшысымен кездескен кезімде ол біздің "Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы" заң арқылы құрылыс пен жер сілкінісіне төзімділікке байланысты талаптарды күшейтетін тәсілдерімізді  мақұлдады. Көктемгі сессияда бұл жұмысты бастаймыз деп үміттенемін, мәслихат депутаттары бізді қолдайды және бізде  қаланың өзі стандарттарға қатысты ерекше жайттарды бақылайтын  болады. Тиісті нормалар енгізіледі және күзден бастап қолданылады деп үміттенемін", – деді Ерболат Досаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу