Алматыда құрылыс компанияларының 360 лицензиясын қайтарылды

862

Әкімдік тағы 42-сін тоқтатты.  

Алматыда құрылыс компанияларының 360 лицензиясын қайтарылды

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Алматының қала құрылысын бақылау басқармасы басшысының орынбасары Олжас Төлебаев қаладағы жауапсыз құрылысшыларға қатысты жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Бұған дейін Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев құрылыс жұмыстарында арнайы талаптардың сақталуын бақылауды күшейтуді тапсырған болатын.

Қала құрылысын бақылау басқармасы басшысының орынбасары Олжас Төлебаев айтқан деректерге сүйенсе Алматыда алты айдан бері 989 нысан салынып жатса, оның 338-і пайдалануға берілді, 651 нысан бойынша: 209 бюджеттік, 442 коммерциялық құрылыс жалғасуда.

"Барлығы жұмысты 323 құрылыс компаниясы мен 135 техникалық қадағалау ұйымы жүргізеді. Жыл басынан бері сапаға ықпал ететін жауапкершілікке қатысты тексерулер бойынша 44 мердігер жауапкершілікке тартылды", - деді спикер.

Қала құрылысын бақылау басқармасының өкілі атап өткендей, шағымдар көбінесе құрылыс өндірісін ұйымдастыруға байланысты туындайды. Мысалы, қоршауларды, жаяу жүргіншілерге арналған баспалдақтарды орнату, материалдарын сақтау, сондай-ақ объектіде техникалық құжаттарды ресімдеу, бетон жұмыстарының технологиясын бұзу, қайта толтыру, асфальтбетон жамылғыларды төсеу, жобалық шешімдерден ауытқу кезінде заң бұзушылыққа жол беріледі.

Бақылау нәтижесінде 42 ұйымның лицензиясы тоқтатылды, 360 лицензия қайтарып алынды. Құрылыс алаңдарында тиісті бақылауды жүргізбегені үшін 15 техникалық қадағалау ұйымы жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 4-уінің сарапшы аттестаты тоқтатылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу