Алматыда құрылыс компаниясы жаңа тұрғын үй салу үшін жүздеген ағашты кесіп тастаған

465

Қала билігі бұл ағаштарды кесуге рұқсат бермеген.

Алматыда құрылыс компаниясы жаңа тұрғын үй салу үшін жүздеген ағашты кесіп тастаған Фото: Inbusiness.kz

Алматыда 216 ағашты заңсыз кесіп тастаған құрылыс компаниясына қатысты тергеу басталды, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

Жаңа тұрғын үй кешенінің құрылыс алаңында 216 жасыл желек заңсыз кесілген.

"Qazaq Stroy Almaty" ЖШС жаңа үйлер салып жатқан 17 гектар жер телімінде 176 ағаш пен 40-тан астам жабайы желектер заңсыз кесілген", - деп түсіндірді Алматы қаласының экология және қоршаған ортаны қорғау департаменті.

Белгілі болғандай, қала билігі бұл ағаштарды кесуге рұқсат бермеген. Сонымен қатар, ағаш өсіп тұрған аймақ құрылысқа жатпайды.

Осы факті бойынша Алматы қаласы Алатау ауданының полиция бөлімі ҚР Қылмыстық кодексінің 340-бабы "Жасыл екпелерді заңсыз кесу" бойынша қылмыстық іс қозғады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу