Алматыда құрылыс материалдары дүкенінен өрт шықты

326

Бұл туралы Төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.

Алматыда құрылыс материалдары дүкенінен өрт шықты  Фото: Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті

27 шілдеде сағат 16:16-да Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдары Түрксіб ауданы, Қайрат шағын ауданы, Түркістан көшесі, 27 мекенжайынан түскен дабылға аттанды, деп хабарлайды inbusiness.kz департаменттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сағат 16:22-де келген өрт сөндірушілер құрылыс материалдарын сататын дүкенде 150 шаршы метрден астам аумақта өрт шыққанын анықтады.

"Қабылданған іс-шаралар негізінде 16:33-те өртті оқшаулаулап, өрт 16:42-де толығымен сөндірілді.  Өрттің инвентарлық заттармен көршілес сауда нүктелеріне таралуына жол берілмеді", - деп хабарладыТөтенше жағдайлар департаментінен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу