Алматыда құрылыс материалдары қоймасы өртенді

1211

Қабылданған шаралар нәтижесінде іргелес нысандарға жалын таралған жоқ.  

Алматыда құрылыс материалдары қоймасы өртенді

4 тамыз күні сағат 9:39-да Алматының  Алатау ауданында құрылыс заттары сақталатын қоймадан өрт шықты. Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше екі қабатты нысанның жалпы ауданы 1 мың шаршы метрден асады. Жедел қабылданған шаралардың нәтижесінде жалын көрші қоймаларға таралған жоқ, деп хабарлайды inbusiness.kz

"Өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткенде жалпы алаңы 1 мың шаршы метр ангар типті қойма ашық жалынмен жанып жатқаны анықталды. Өрттің іргелес қоймаларға таралу қаупі туындаған, дегенмен дереу өрт оқпандары берілді. Оқиға болған жерде арнайы штаб және 2 жауынгерлік учаске құрылды. Жалынды ауыздықтауға шатырдың күрделі құрылысы кедергі келтірді. Өрт сөндірушілер авариялық-құтқару құралдарының қолданып құрылыс құрылымдарын бұзды", – деп хабарлады қалалық ТЖД. 

Қабылданған шаралар нәтижесінде көршілес қоймаларға өрттің таралуына жол берілмеді.

Өрт сағат сағат 11:33-те сөндірілді. Жедел шараларға 16 бірлік техника мен ТЖД жеке құрамының 40 адамы жұмылдырылды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу