Алматыда құрылыс нормаларын бұзғандарға 300 млн теңге айыппұл салынды

752

Бұл туралы Қала құрылысын бақылау басқармасы басшысының орынбасары Олжас Төлебаев мәлім етті.  

Алматыда құрылыс нормаларын бұзғандарға 300 млн теңге айыппұл салынды

Спикердің айтуынша, қала құрылысын бақылау және жер инспекциясы 952 жоспардан тыс тексеру жүргізген. Оның 539-ы құрылыс және 413-і жерге байлансты. Нәтижесінде 279,3 млн теңгеге 1800 заң бұзушылық анықталды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Соттарға 466 талап арыз жолданды, оның 29-ы заңсыз нысандарды бұзу туралы болса, 28 іс бойынша рұқсат берілді, 1 жағдайда бас тартылды. Ал 437 арыз мәжбүрлеп тәркілеуге қатысты. Сондай-ақ, сот ісін жүргізусіз 800-ден астам заңсыз нысандар анықталды және бұзылды, олар мемлекеттік қордың жерлеріне көшелер мен аулалардың бойына өз бетінше орнатылған", - деді спикер.

Олжас Төлебаев қала әкімінің тапсырмасы аясында автомобиль жолдарын жөндеуге бақылау күшейтілгенін атап өтті. Асфальтбетон жабынының сапалы болуын қамтамасыз ету үшін күнделікті орындалған жұмыстардың құрылыс нормаларына сәйкестігі тексеріліп отырады.

"Оның ішінде іргетас, бордюр құрылысы, жол төсенішінің сапасы, асфальттың температурасы мен қалыңдығы, жалпы қалалық мобильділікті басқарудың барлық құрылыс алаңдарында асфальт төсеу технологиясы", - деп толықтырды спикер.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу