Алматыда құрылыс салушылар үлескерлерді 2,5 миллиард теңгеге алдап кеткен

71

 Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің төрт басшысы ұсталды.

Алматыда құрылыс салушылар үлескерлерді 2,5 миллиард теңгеге алдап кеткен Фото: Liter.kz

Алматыда құрылыс компаниясының басшыларының қатысуымен алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс тергеуі аяқталды. Іс азаматтардың ұжымдық шағымы бойынша басталған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бас прокуратураның мәліметінше, компания басшылығы тұрғын үй кешендерінің құрылысына рұқсат құжаттарынсыз және үлескерлердің қаражатын тарту құқығынсыз 2022-2023 жылдар аралығында үш тұрғын үй кешеніндегі пәтерлерді сату сылтауымен азаматтардың ақшасын алдау жолымен жымқырғаны анықталды.

Аталған іс бойынша 312 адам жәбірленуші деп танылып, жалпы шығын 2,5 миллиард теңгеден асқан. Қазір жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің төрт басшысы қамауда отыр.

Тергеп-тексеру шеңберінде жәбірленушілердің құқықтарын қалпына келтіру қамтамасыз етілді, ал қылмыстық іс мәні бойынша қарау үшін сотқа жолданды. Алматы прокуратурасы азаматтарға құрылыс компанияларымен келісімшартқа түсудің алдында мұқият тексеріп, тек ресми құжаттар негізінде ғана қаражат салу қажеттігін ескертеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу