Алматыдағы құрылысшы басшысына балтамен шабуыл жасаған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Egovpress телеграм-арнасының мәліметі бойынша, 29 жастағы құрылысшы өзінің басшысына балтамен шабуыл жасап, мойнын жарақаттаған. 38 жастағы жәбірлеуінші ауруханаға жатқызылды.
Аталған жағдайға байланысты Алматы қаласының Полиция департаменті түсініктеме берді.
"Өлтіруге әрекеттену дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, қамауға алынды. Қылмыстың басқа да мән-жайлары анықталып жатыр", - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу