Алматыда құрылысы аяқталмаған нысан сүріліп жатыр

201

Жартылай салынған құрылыс нысаны бірнеше жыл бойы қараусыз қалған.    

Алматыда құрылысы аяқталмаған нысан сүріліп жатыр Фото: t.me/almaty_akimat

Алматыда сот шешімімен Оңдасынов көшесі, 37/12 мекенжайында орналасқан құрылыс нысаны сот орындаушыларының қатысуымен бұзылды. Бұл туралы қалалық құрылыс бақылау басқармасы мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Жартылай салынған құрылыс қараусыз қалған. Тексеріс нәтижесінде ғимараттың қатты тозғаны, коррозияға ұшырағаны анықталды. Мамандар оны бұзу қажет деген шешім қабылдаған.

Бұған дейін басқарма тарапынан меншік иесіне (жеке тұлға) күрделі пішіндегі темірбетон құрылымын бұзу арқылы анықталған заңбұзушылықтарды жою жөнінде нұсқама берілген болатын.

Алайда нұсқамада көрсетілген талаптар орындалмағандықтан, 2024 жылы 29 қаңтарда басқарма Бостандық аудандық сотына мәжбүрлеп орындату туралы талап арыз жолдаған.

2024 жылы 27 мамырда сот басқарманың талап арызын қанағаттандырып, істі орындау үшін әділет департаментіне тапсырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу