Алматыда құтқарушылар қоймадағы өрттің таралуына жол бермеді

369

100-ден астам литий-ионды батарея мен 300-ге жуық жаңа электр самокаты өрттен сақталып қалды.  

Алматыда құтқарушылар қоймадағы өрттің таралуына жол бермеді Фото: Бейнежазбадан

Алматы қаласының Алмалы ауданындағы Васнецов көшесінде орналасқан қоймада литий-ионды батареялар өртенді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Өрт туралы хабарлама 112 пультіне түскеннен кейін оқиға орнына Төтенше жағдайлар министрлігінің күштері жедел жетті.

Құтқарушылар келген кезде қоймадағы литий-ионды батареялардың жанып жатқаны анықталды. Өрттің жаңа батареялар мен электр самокаттарға таралу қаупі болған.

Өрт сөндірушілер бірден жалынды оқшаулап, аккумулятор батареяларын қарқынды салқындатуға кірісті. Жедел қабылданған шаралардың арқасында өрттің таралуына жол берілмеді. Өрт жарты сағатқа жетпейтін уақытта толық сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.

ТЖМ мәліметінше, өрт сөндірушілердің жедел әрекетінің нәтижесінде 100-ден астам литий-ионды батарея мен 300-ге жуық жаңа электр самокаты сақталып қалды. Сондай-ақ аккумуляторлардың бірінен кейін бірі тұтануына әкелуі мүмкін тізбекті реакцияның алдын алу мүмкін болды.

Мамандардың айтуынша, литий-ионды батареялар жанған кезде улы жану өнімдерін бөліп, тізбекті тұтану қаупін тудырады. Сондықтан мұндай өрттерді сөндіру арнайы тәсілді және қайта тұтанудың алдын алу үшін ұзақ уақыт бойы қарқынды салқындатуды талап етеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу