Алматыда күзетшіні қатігездікпен өлтірген күдіктіге қатысты тергеу тоқтатылды

2856

Көршілері есірткі қолданатын күдіктінің бұрынғы депутаттың ұлы екенін жеткізген болатын.

Алматыда күзетшіні қатігездікпен өлтірген күдіктіге қатысты тергеу тоқтатылды Фото: видеодан алынған кадр

Алматы қалалық прокуратурасы биылғы жылдың 29 наурызында "Меркур Тауэрс" тұрғын үй кешенінің күзетшісін өлімше етіп сабап, көлікпен бірнеше рет басқан қылмыскер жайында мәлімет берді.

Құзырлы органның мәліметінше, кісі өлтіру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу 29 наурыз күні басталғанымен, артынша іс тоқтатылған, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

“Қазір қылмыстық қудалау органы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 45-бабының 7-бөлігінің 4-тармағы негізінде сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тоқтату туралы шешім қабылдады”, – делінген хабарламада.

Көрсетілген бапқа сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексеру мерзімі заңда белгіленген тәртіппен куәландырылған күдіктінің, айыпталушының психикасының уақытша бұзылуы немесе өзге де ауыр сырқаты болған жағдайда тоқтатылады.

Еске сала кетсек, бұған дейін Алматыда 45 жастағы ер адамның өзі тұратын тұрғын үй кешенінің күзетшісін қатігездікпен өлтіріп кеткені туралы отандық БАҚ хабар таратқан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу