Алматыда құжатсыз жұмыс істеген базардың орнына демалыс аймақтары салынады

144

Бұл туралы қалалық әкімдік хабарлады.   

Алматыда құжатсыз жұмыс істеген базардың орнына демалыс аймақтары салынады Фото: 2gis.kz

Алматы қаласындағы бұрынғы "Рахат" базары рұқсатсыз жұмыс істеген. Сот шешімімен сауда нысаны босатылып жатыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Аумақты босату заңды күшіне енген сот шешімдерінің негізінде жүзеге асырылды. Түсіндіру жұмыстары жүргізілгеннен кейін 150-ден астам кәсіпкер базар аумағынан көшті", – делінген әкімдік таратқан хабарламада.

Саудагерлерге көршілес базарлардан жеңілдетілген шарттармен баламалы сауда орындары ұсынылды.

"Жұмыс барысында кәсіпкерлер сауда контейнерлерін өз бетінше шығарып, кейбір құрылымдарды бұзды. Қазіргі таңда босатылған аумақта көркейту жобасы әзірленіп жатыр", – деп хабарлады әкімдіктегілер.

Бұрынғы базардың орнына жоба аясында базар келушілері мен аудан тұрғындарына арналған көгалдандырылған, жайлы қоғамдық кеңістік пен демалыс аймақтарын салу жоспарланып отыр.

Сонымен бірге бұрынғы базар аумағының бір бөлігі автотұраққа айналмақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу