Алматыда қылмыс 43%-ға азайды

1647

Жыл басынан бері жасалған қылмыстардың басым бөлігі бөтен адамның мүлкін қолды қылуға байланысты.

Алматыда қылмыс 43%-ға азайды Фото: inform.kz

Бұл туралы Алматы қаласы полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерденов мәлімдеді. 

"Қалада қылмыстық ахуал тұрақты. Осы жылдың қаңтар-сәуір айларында мегаполисте қылмыс 43%-ға азайды. Ал шаһарда жасалған заң бұзушылықтың 60%-ы ұрлық. Сондықтан криминалдық полиция қызметкерлерінің 70%-ын мүлікті ұрлау қылмысын ашуға жұмылдырылды", – деген полиция департаментінің басшысы қолды болған мүлікті сатып алатындар да жазаланатынын ескертті.

"Мұндай 109 қылмыстық іс қозғалды. Олардың 92-сінің ісі сотқа жіберілді. Мәселен 21 мамыр күні жедел ісдестіру шаралары барысында П. есімді азамат тұтқындалды. Оны ұстау барысында құжаттары мен қораптары жоқ 211 ұялы телефон тәркіленді. Бұл телефондар ұрланған мүлік базасында тексеріледі. Қазіргі кезде бес телефон иелеріне қайтарылды", – деді Қанат Таймерденов. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу