Алматыда қылмыс саны екі есеге төмендеді

625

Мегаполисте ең жиі жасалатын заң бұзушылық – ұрлық. 

Алматыда қылмыс саны екі есеге төмендеді

Биыл Алматыда қылмыс деңгейі 47,8%-ға төмендеді. Сонымен қатар, қылмыстың ашылу көрсеткіші де жақсарды, деп хабарлады қалалық полиция департаменті. 

"Атап айтқанда,  денсаулыққа ауыр зиян келтіру 30,6%, зорлау 2,2 есе, бөтеннің мүлкін ұрлау 2,4 есе, пәтер тонау 3,8 есе, алаяқтық 23,0%, тонау 2,3 есе, қарақшылық 2,1 есе, бұзақылық 2,1 есе, көлік құралын иемдену 37,3%-ға азайды. Сондай-ақ, кәмелетке толмаған балалар жасалған құқық бұзушылықтар саны 34,7%, қоғамдық орындарда жасалған қылмыс 3,2 есе, көшелерде 3,9 есе, отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында 11,9%-ға төмендеген", – деп жазылған ведомство таратқан хабарламада. 

Бұған қоса Алматыда қарақшылықпен айналысқан 12 топ ұсталып, 62 қарақшылық шабуылдың жолы кесілген. Сонымен қатар, пәтер тонаумен айналысқан 34 топтың, 15 автокөліктен бөтеннің мүлкін ұрлағандардың, қоғамдық орындарда жеке мүлікті ұрлаумен айналысқандардың 81 әрекеті тоқтатылды. Әрі биыл мегаполисте 434 есірткіге қатысты құқық бұзушылық анықталды. 320 келі 330 грамм есірткі заңсыз айналымнан алынды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу