Алматыда қылмыстық ахуал тұрақты – Қанат Таймерденов

897

2020 жылдың қорытындысы Алматыда қылмыс деңгейі 47,8% төмендегенін көрсетті. Қалалық Полиция департаментінің бастығы Қанат Таймерденов осылай деп мәлімдеді. 

Алматыда қылмыстық ахуал тұрақты – Қанат Таймерденов

Оның сөзінше құқық бұзушылықтардың жалпы ашылу көрсеткіші  – 11,7%, оның ішінде өте ауыр қылмыстар – 7%, ал жеңіл және орташа ауыр қылмыстар 6,2%-ға жоғарылады. 

"Көшеде жасалған құқық бұзушылықтардың саны 4,2 есеге, қоғамдық орындарда 3,4 есеге азайды. Департаменттің жеке құрамы шаһарда тиісті қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге және қалада қылмыстың төмендеуі үшін барлық шараларды қабылдауға дайын. Қабылданған шаралар нәтижесінде қарақшылықпен айналысқан 15 топтың, 53 – қарақшылық әрекеттің, 40 – пәтер тонауымен айналысқандардың, 15 – автокөліктен ұрлықтың, 85 – қоғамдық орындардағы жеке меншікті ұрлаумен айналысқандардың қылмыстық әрекеті тоқтатылды", – деді Алматы қалалық Полиция департаментінің бастығы. 

Сонымен қатар шаһарда денсаулыққа ауыр зиян келтіру – 29,1%, зорлау – 2,4 есе, бөтеннің мүлкін ұрлау – 2,5 есе, пәтерлерден ұрлық – 3,6 есе, алаяқтық – 18,6%, тонау – 2,2 есе, қарақшылық – 2,0 есе, бұзақылық – 2,2 есе төмендеген. Сондай-ақ кәмелеттік жасқа толмағандар жасаған құқық бұзушылықтар 35,1% азайған. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу