Алматыда қымбат көліктер мен тауарларды қолды қылған 5 күдікті ұсталды

202

Елімізде алаяқтықтың жаңа түрі белең алды. 

Алматыда қымбат көліктер мен тауарларды қолды қылған 5 күдікті ұсталды Фото: inbusiness.kz

Тәртіп сақшылары қалааралық тасымалдау саласында қымбат автокөліктер мен түрлі тауарларды жымқырумен байланысты алаяқтық фактілері туралы ескерту жасады. Ведомство көлік ұрлау алдау тәсілі арқылы жүретінін мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

– Тапсырыс берушілермен және жүк көліктерінің жүргізушілерімен олардың көлік пен тауар тасымалдау туралы хабарландырулары бойынша алаяқтар хабарласып, тасымалдау қызметін ұсынады. Олар тапсырыс берушілерге өздерін автокөлік жүргізушісі ретінде, ал жүргізушілерге тапсырыс беруші ретінде таныстырады. Екі тарапты да алдап, көндіріп, одан әрі қарай заңсыз өткізу мақсатында ұрланған тауарды артады, - деді ҚР ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешев.

Оның айтуынша, көбінесе мұндай фактілер Алматы қаласы мен Алматы облысынан басқа өңірлерге тасымалдау барысында анықталған. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде осындай қылмыстық топтың бес мүшесі ұсталды.

- ІІМ азаматтарға жүкті жөнелту және қабылдау барысында барлық қажетті құжаттармен мұқият танысуды ұсынады. Хабарландыруда көрсетілген жүргізушінің нөмірін міндетті түрде тексеріп, онымен тасымалдау маршрутын талқылап, жеткізу мекенжайын анықтап алу қажет. Күдікті іс-әрекеттерді байқасаңыз, дереу полицияға хабарласыңыз, – деді ҚР ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу