Алматыда қыркүйекпен салыстырғанда індет жұқтыру жағдайы 7 есе өскен

720

Алматыда КВИ ауруының өсуі қазан айында басталды. Өткен айда 366 КВИ жағдайы тіркелген болатын, бұл қыркүйек айымен салыстырғанда 2,2 есе жоғары (165 КВИ жағдайы). Бұл туралы Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин Алматыдағы эпидемиологиялық жағдай туралы брифингте айтты.

Алматыда қыркүйекпен салыстырғанда індет жұқтыру жағдайы 7 есе өскен

Оның сөзінше, 26 ​​қарашадағы жағдай бойынша қалада 1122 КВИ жағдайы тіркелген, қыркүйекпен салыстырғанда ауру 7 есеге өскен.

Шаһардың бас санитары тұрғындар қарапайым талаптарды орындау арқылы қаладағы эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыруға көмектесіп, эпидемиологтардың жұмысын жеңілдететінін айтады. Ол тұрғындарды профилактикалық шараларды қатаң сақтауға шақырды:

- өзге адамдардан қашықтықта болыңыз, маска киіңіз,

- "үш К-ден"  аулақ болыңыз: адамдар жиі шоғырланған немесе жанасатын жабық мекемелерден, өйткені нашар желдетілетін аумақтарда адамдардың бір-біріне жақын жерде ұзақ уақыт болуымен, COVID-19 жұқтыру қаупі артады. Мұндай жағдайда вирус тамшылар немесе аэрозольдар арқылы тез таралады, сондықтан алдын алу шараларын қабылдаудың маңызы артады.

- мекеменің ішінде болған кезде үнемі табиғи желдету қажет.

- Қолыңызды антисептикалық залалсыздандыратын өнімдермен үнемі тазалап отырыңыз немесе сабынмен жуыңыз. Бұл шара қолдың ықтимал микробтан  ластануын, оның ішінде вирусты да жояды.

- Бетті үнемі тазартып, дезинфекциялаңыз, әсіресе адамдар жиі қол тигізетін есік тұтқалары, крандар және телефон дисплейлері.

- егер өзіңізді нашар сезінсеңіз, үйде болыңыз, дәрігер шақырыңыз, өз-өзіңізді  емдеумен айналыспаңыз, үйден шықпаңыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу