Алматыда қыркүйекте білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау басталады

853

Бастауыш сынып оқушылары екі пән бойынша, жоғарғы сынып үш және төрт пән бойынша тест тапсырады.

Алматыда қыркүйекте білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау басталады

Алматыда жаңа оқу жылынан бастап білім беру мекемелерінде мемлекеттік аттестаттау өтеді. Бұл  туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Алматы қаласы Білім департаментінің басшысы Гүлнар Ермекбаева айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Айтуынша аттестаттау қаладағы білім сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.

"Елімізде 2017 жылдан бастап білім беру мекемелері көшпелі комиссияларды іріктеді. Енді барлық ұйымдар аттестациядан бес жылда бір рет өтеді. Бұл ретте негізгі жұмыс мекемелердің өздеріне жүктеледі. Мемлекеттік аттестаттау профилактикалық бақылау нысанына бармай-ақ өткізіледі. Ол мектепке дейінгі ұйымда, мектеп, колледж, әскери және арнайы жоғары оқу орындарында өтеді. Меншік нысаны ведомстволық жүйеге қарамастан мекемелердің барлық түрлерін қамтиды. Мектеп, колледж, балабақшалар оқушылардың білімін тексеру, ата-аналарға сауалнама жүргізу, білім беру ұйымының өзін-өзі бағалауы арқылы іске асады", – деді Алматы қаласы Білім департаментінің басшысы.

Спикер халықаралық тәжірибеде кеңінен қолданылатын білім беру ұйымдарының өзін-өзі бағалауы туралы айтты.

"Мекеме  ұсынатын білім сапасын өздері талдауы керек. Бұл жүйе білім беру тәжірибесін жетілдіруге бағытталған. Яғни, мемлекеттік аттестаттауды өткізу өкілеттігі негізінен білім беру ұйымдарына жүктеледі", – деді Гүлнар Ермекбаева.

Бастауыш сынып оқушылары екі пән бойынша, жоғарғы сынып үш және төрт пән бойынша тест тапсырады. Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында студенттердің білімін екі бейіндік пән бойынша тексереді. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту деңгейінде ата-аналарға сауалнама жүргізіледі. 

Бес жыл ішінде барлық балабақша, мектеп пен колледждер мемлекеттік аттестаттаудан өтеді. Бұл білім беру сапасын жақсартады әрі ұйымдардың дәрежесі артады. 

Еске сала кетсек, Алматыда 207 мемлекеттік және 67 жекеменшік мектеп, 189 мемлекеттік пен 643 жеке меншік балабақша, 96 колледж, 39 жоғары оқу орны бар. Олардың барлығы аттестациядан өтеді.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу