Алматыда қысқы Универсиаданың ұйымдастырушылары мен еріктілеріне тұмаудан қорғау үшін екпе жасалды

1187

Алматыда қысқы Универсиаданың ұйымдастырушылары мен еріктілеріне тұмаудан қорғау үшін екпе жасалды

Алматының денсаулық сақтау басқармасы  28-ші Дүниежүзілік қысқы Универсиаданы өткізу шараларын  ұйымдастыруға атсалысатын адамдарға тұмауға қарсы екпе жасамақшы, деп мәлім етті басқарманың баспасөз қызметіне сілтеме жасап "Интерфакс-Казахстан".

Жалпы қаланың құтқару қызметтерінің мамандары, еріктілер мен ұйымдастырушыларды санағанда  3800 адам адам егілмекші. Екпе жасау шарасы  2016 жылдың  20 қарашасына дейін жалғасады. Қалалық денсаулық сақтау мекемесінің мәліметі бойынша, биыл Алматы әкімдігі екпе жасау үшін Дүниежүзілік денсаулық сақтау  ұйымының мақұлдауы бар,  Ресейде өндірілген  "Гриппол плюс" атты вакцина сатып алуға қаражат бөлген.

Айта кетейік, 28-ші Дүниежүзілік қысқы Универсиада Алматыда 2017 жылғы 29 қаңтар мен 8 ақпан аралығында өтеді.  Онда әлемнің  55 елінен келетін 2 мың спортшы 12 спорт түрінен бақ сынайды.  Жарыстарды ұйымдастыруға  3 мың ерікті жұмылдырғалы отыр. Сондай-ақ  30 мыңға жуық шетелдік қонақ мен турист келеді деп болжанған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу