Алматыда 16-шы Қытай тауарлары көрмесі өтіп жатыр, деп хабарлайды Қазақпарат.
"Бұл көрме Қазақстан мен Қытайдың кәсіпкерлері өзара байланыс орнату үшін таптырмас іскерлік алаң болып табылады. Көрме аясында Қытайдың түрлі провинцияларынан келіп қатысып жатқан үздік кәсіпкерлердің стенді қойылды. Олар жоғары сапалы тауарлар мен жаңа технологияларды ұсынды", - дейді ұйымдастырушылар.
Шара Алматыдағы "Атакент" көрме кешенінде 23 мамырға дейін өтеді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу