Алматыда қытайлық кәсіпкерді ойыншық тапаншамен қорқытып тонап кетті

1998

Полиция департаментінде күдіктілер шетелдік қонақтың 20 млн теңгесін ұрлап кеткенін айтты. 

Алматыда қытайлық кәсіпкерді ойыншық тапаншамен қорқытып тонап кетті

Қылмыскерлер кәсіпкерді 20 млн теңгені төмендетілген курспен шетелдік валютаға айырбастап береміз деп алдап шақырып тонап кеткен. Алматы полициясы күдіктілерді бірден тапқан. Қылмыстық топтың 1985 жылы дүниеге келген жетекшісінен  ұрланған ақшаның жартысы табылды.

"Тағы екі күдіктіні бірнеше сағат бұрын қаланың екінші бөлігінде тұтқындадық. Жастары 26 және 28-де. Олардың үшеуінің де оралман статусы бар  Қытайда туған азаматтар. Ал қаржының қалған бөлігі соңғы екі азаматтан табылды", – деді полиция департаментінде.

Қылмыстық істің заттай айғағы ретінде ойыншық тапанша, ақша және қаскүнемдер жүргізген "Тойота Камри" маркалы көлік ұсынылды.

Қазіргі кезде бұл іске өзге адамдардың қатысы бар немесе жоғы анықталуда. Күдіктілерге қатысты Қылмыстық кодекстің 192-бабы 4-тармағы бойынша іс қозғалды. Тұтқындалғандар уақытша тергеу изоляторына тоғытылды. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу