Алматыда қызанақты топырақсыз өсіруге арналған жылыжай салынып жатыр

1226

Алматыда  қызанақты топырақсыз өсіруге арналған жылыжай салынып жатыр

Алматыда қызанақ өсіретін жылыжай кешенінің құрылысы басталады. Ауданы 8 гектарды құрайтын жаңа нысан Алатау ауданы Индустриялды аймағының аумағында орналаспақ. Осы және өзге де 5 инновациялық жобаны бүгін өңірлік үйлестіру кеңесі мақұлдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жоба авторларының айтуынша, қызанақтардың сапасы өте жоғары болады. Өйткені, өндірісте голландиялық жабдықтар пайдаланылмақ. Жылыжай кешенінде көкөністер жыл бойы үздіксіз "гидропоника" тәсілімен, яғни, топырақсыз өсірілетін болады. Көшетке қосымша жарық беру, тұмандату, перделеу жүйесі, себелеп суару секілді бірқатар инновациялық тәсілдерді қолдану да қарастырылған. Сондай-ақ, пайдаланылған суды тазарту жүйесі көзделген. Ол су шығынының екі есеге жуығын үнемдеуге мүмкіндік береді.

Жылыжайда жылына 5 000 тоннадан астам қызанақ өсіріледі. Жаңа кәсіпорын іске қосылғанда 105 тұрақты жұмыс орны ашылады. Мамандардың айтуынша, бұған дейінгі көптеген жылыжайларда ескірген технологиялар қолданылған. 1970-1990 жылдардағы жылыжайларда көкөніс сәуірден қазанға дейінгі уақытта өсіріліп отырған. Нақтырақ айтқанда, қыс айларында қызанақ шетелден жеткізіліп келген. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу