Алматыда қызметінен қуылған полицей мұнараға шығып, наразылық білдірді

202

Мұнараға шыққан полицей жұмысынан неге босатылды?

Алматыда қызметінен қуылған полицей мұнараға шығып, наразылық білдірді Фото: Бейнежазбадан

Алматыда жұмысынан босатылған полиция қызметкері наразылығын қаладағы биік мұнараның төбесіне шығып білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.

Оның видеосы әлеуметтік желіде тарап жатыр. Кадрдан арқасына рюкзак асынып алған полиция формасындағы ер адамды көруге болады. Ол Алматы көшелерінің бірінің бойында орналасқан мұнараға өрмелеп шығып барады.

Осы жағдайға қатысты Полиция депараменті түсінік берді.

"Аталған полицей қызметтік тәртіпті өрескел бұзғаны және теріс әрекеттері үшін ішкі істер органдарынан жұмыстан шығарылды. Оның қызметке қайта оралуы туралы талаптар бірнеше сатыдағы сотта қаралып, өзгеріссіз қалдырылды",- деп хабарлады Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу