– Көшпелі тексеру барысында жер ресурстарын басқару департаменті, полиция басқармасы және Түрксіб ауданы әкімдігінің өкілдерінің қатысуымен жүргізілген тексеру нәтижесінде 50 жылдан асқан емен ағашының заңсыз кесілгені расталды, – деп хабарлады қалалық әкімдіктен.
Аталған факті бойынша полиция департаменті ҚР Қылмыстық кодексінің 340-бабы ("Ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, жою немесе зақымдау") бойынша қылмыстық іс қозғады.
Алматы қаласындағы жасыл желектерді күтіп-ұстау және қорғау ережесіне сәйкес, заңсыз кесілген, жойылған немесе сирек және жойылу қаупі бар өсімдіктердің тізбесіне енгізілген жасыл желектерге қатысты сол түрдегі (қосымша түрлерін) өсімдіктердің орнына жүз есе көлемде ағаш отырғызу қарастырылған.
ҚР Қылмыстық кодекстің 340-бабы бойынша 160 АЕК-ке дейін айыппұл, түзеу жұмыстары, қоғамдық жұмыстарға тарту немесе мүлікті тәркілей отырып қамауға алу түріндегі жауапкершілік көзделген.
– Экология және қоршаған орта басқармасы уәкілетті орган ретінде 2006 жылғы 31 қазандағы № 1034 ҚР Үкіметінің қаулысымен бекітілген "Сирек кездесетін және жойылып кету қаупі бар өсімдіктер мен жануарлар түрлерінің тізбесіне" енгізілген жасыл желектерді кесуге рұқсат бермейді, – делінген хабарламада.