8 ақпанда сағат 15:00-дегі жағдай бойынша комиссия беткейдегі зерттеу нәтижелері бойынша жақын маңдағы үйлердің тұрғындары үшін "лай көшкінінің қайталану қауіп жоқ" деген қорытындыға келді, - деп хабарлайды inbusiness.kz.
Жоғарыда 300-400 текше метр саз балшық массасы бар, ол қазіргі уақытта мамандардың күшімен тазартылып, қауіпсіз болу үшін төмен қарай сырғытылып жатыр.
Комиссия мүшелері болған оқиғаның себебін анықтау бойынша жұмысты жүргізуде.
Алматы қаласы Медеу ауданының әкімі Еркебұлан Оразалин атап өткендей, үйлерді қиратқан лай көшкінінің бірнеше ықтимал себебі бар.
Ал, Алматы қаласы ТЖД нұсқасы бойынша, болған оқиғаның алдын ала себептерінің бірі – техногендік сипаттағы апат салдарынан топырақ суланып, ылғалданған.
Қазселденқорғау желісі бойынша себептердің бірі-жоғары желіге орналасқан үй тұрғындарының жер асты су құбырын шаруашылық тәсілмен салған деген болжам бар.
Сонымен қатар, оқиғаға тікелей қатысы бар нұсқалардың бірі үйлердің жоғарғы желісінің тұрғындары дұрыс орнатпаған, нөсер кәріз құбыры, сондай-ақ таулы аймақтағы жартасқа ағатын септиктер де жатады.
Тергеу әлі аяқталған жоқ.