Алматы облысы Талғар ауданы маңында лай көшкіні жүрді, деп хабарлайды облыстық төтенше жағдайлар департаменті.
"04.05.17 жылы сағат 11:30-да Алматы облысы Талғар ауданы Талғар-Бесқайнар күрежолынан 7 шақырым, елдімекеннен 4 шақырым қашықтықта лай көшкіні жүргені туралы ақпарат түсті. Мамандар тексеру барысында 4000 шаршы метр лай көшкенін анықтады. Лай көшкіні бөктерде тоқтаған. Жапа шегушілер мен кісі өлімі болған жоқ", – деп жазылған баспасөз баянында.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу