Алматыда латын графикасы орталығы ашылды

805

 Алматыда латын графикасы орталығы  ашылды

ҚР мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова Алматыда жұмыс сапары барысында Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде латын графикасының орталығын ашты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақпан айында аталған университет министрлік тарапынан ұйымдастырылған байқауда жеңімпаз атанған болатын.

"Латын графикасына өтуге байланысты интерактивті үйретуші бағдарламалар жасаудың лингвистикалық негіздері мен мультимедиялық технологиялары" жобасын жүзеге асыруға 16 млн теңге жұмсалмақ.

Оқу орнының өкілдері мемлекеттік хатшыға университет ғалымдарының латын графикасын үйретуге арналған арнайы бағдарламасын таныстырды. Олар латын графикасын үйрету үшін балаларға арналған ойын бағдарламалары мен мобильді қосымшалар ойлап шығарған.

Android, iOS, Windows платформасындағы лингвистикалық сөздік, латын әрпіне автоматты түрде аударма жасайтын арнайы сайт пен дыбыс және бейне материалдарымен сүйемелденген сандық электронды оқулық көрсетілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу