Алматыда лауазымды тұлға жауапқа тартылды

362

Қалалық прокуратура жеке тұлғаның өтінішін қарауды әуре-сарсаңға салу фактісі бойынша ұсыныс енгізді.  

Алматыда лауазымды тұлға жауапқа тартылды Фото: gov.kz

Алматыда басқарма басшысының орынбасары жауапқа тартылды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Алматы қаласының прокуратурасы жеке тұлғаның жолданымын қарауды әуре-сарсаңға салу фактісі бойынша ұсыныс енгізді. Бұл ретте Алматы қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы қадағалау актісіне уақтылы жауап бермеген.

"Осыған байланысты қала прокуратурасы осы басқарма басшысының орынбасарын ӘҚБтК-нің 664-бабымен әкімшілік жауапкершілікке тартты. Іс қысқартылған тәртіппен қаралды", – делінген прокуратура хабарламасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу