Алматыда LEZ жол белгілері орнатылды

325

Бұл туралы "Алматы паркинг" ШЖҚ КМК мамандары айтты.  

Алматыда LEZ жол белгілері орнатылды Фото: gov.kz

Алматыда төмен эмиссия аймағының пилоттық жобасы аясында жол белгілері мен ақпараттық тақталары орнатылды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Ақпараттық құрылымдар Бөгенбай батыр – Желтоқсан – Абай – Достық көшелерінің аумағындағы пилоттық аймаққа кіреберістерде орналастырылды. Жалпы саны 134 жол белгісі мен ақпараттық тақта орнатылды. Олардың қатарында төмен эмиссиялы аймаққа кіру және шығу белгілері, сондай-ақ жүргізушілерге арналған ақпараттық тақталар бар.

"Алматы паркинг" мекемесі өкілдерінің мәліметінше, аталған жұмыстар 28 сәуірде басталған. Қазіргі кезеңде көлік қозғалысына шектеу қою, айыппұл салу немесе аймаққа кіру үшін ақы алу қарастырылмаған.

Жобаның негізгі мақсаты – цифрлық жүйелерді сынақтан өткізу, көлік ағынын есепке алу және көліктің ауа сапасына әсері туралы деректерді жинау.

Техникалық пилоттық кезең осы жылдың 31 желтоқсанына дейін жалғасады. Осы уақыт аралығында аймақтағы көлік қозғалысы қалыпты режимде жүзеге асырылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу