Әлеуметтік желілерде Алматыдағы тұрғын үйлердің бірінде ер адамның әйелді аяусыз ұрып жатқан бейнежазбасы тарады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Бейнероликтен ер кісі мен әйел адамның арасында жанжал туып, нәтижесінде ер кісінің қол жұмсағанын және өзге екі адамның оқиғаға бей-жай қарап тұрғанын көруге болады.
"Бір ер адам әйелді ұрып жатыр. Екеуі қарап тұр. Бұған не деуге болады? Әйел ер кісімен ажырасқан", – делінген бейнежазбада.
Алматы полициясының баспасөз қызметі ұрып-соғу дерігі бойынша іс қозғалғанын хабарлады. Күдікті қамауға алынды.
"Ол міндетті түрде жауапқа тартылады. Бұл ретте әйелдің алған жарақатының ауырлығын анықтау мақсатында сот-медициналық сараптама тағайындалды. Іс материалдары шешім шығару үшін сотқа жіберіледі", - деді Алматы полициясы.