Алматыда лифтіге кірмек болған тұрғын ажал құшты

850

Ер адамның шахтаға құлаған сәті бейнежазбаға жазылып қалған.

Алматыда лифтіге кірмек болған тұрғын ажал құшты

Алматыда ер адам лифт шахтасына құлап мерт болды. Оқыс оқиға "Алғабас 6" шағын ауданындағы №144 үйде болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Тұрғынның шахтаға құлаған сәті видеоға түсіп қалған. Видеода ер адам лифт шақырып, дер уақытында келмеген соң есіктерін, түймелерін  ұра бастаған. Шыдамы таусылған соң шахта есігінің астыңғы тұсынан теуіп ашып жіберген. Аздаған уақыттан соң ол қараңғы кабинаға кірмек болып, аттаған кезде ары қарай құлап кетеді.

"Бізге сол күні қоңырау түсті. Қызметкерлер тексеруге барған кезде 5-қабаттағы шахта есігінің бұзылғанын көрген. Механик 1-қабаттағы есікті ашқанда ер адамның денесін тапқан. Сосын үйдегі видеобақылау камераларындағы жазбаны тексеріп, оқиғаның қалай болғанына көзіміз жетті. Тұрғын 5-қабатта лифт шақырған. Ол кезде  лифт 6-қабатта тұрған. Техникалық ақаудың кесірінен лифт дер уақытында келе қоймаған.  Соған ашуланған ол есікті теуіп кірген",  деп түсіндірді "Алматылифт" ЖШС директорының орынбасары Максим Телицкий.

Оның айтуынша, қазір оқиғаға байланысты тергеу амалдары жүріп жатыр. Лифт әзірше жұмыс істеп тұрған жоқ. "Алматылифт"  өкілінің айтуынша, аталған лифт 2015 жылы 22 шілдеде пайдалануға берілген. Соңғы рет 2018 жылы 13 шілдеде тексерілген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу