Алматыда 1 млн теңгенің шұлықтары өртелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
"Контрафакт заттар арнайы пеште өртелді. Бұл пеш атмосфераға зиянды зат бөлмейді. Осылайша қоршаған ортаға зиян келтірмейді. Бұл шара арнайы комиссияның қатысуымен жүзеге асты. Сот шешімімен тәркіленген шұлықтар өртеуден басқа мақсатта пайдалануға жарамсыз саналған. Контрафакт дерегінің жолы кесілгелі бері қоғамдық пікір назардан тыс қалған жоқ. Мұқтаж адамдарға тарату туралы да пікір болды. Алайда қайда қалай шығарылғаны белгісіз затты адамдардың денсаулығына нұқсан келтірмес үшін, сот бұл заттарды өртеп жіберу туралы шешім шығарды", – деді әділет департаментінің ресми өкілі Әсемгүл Бақтыгереева.