Алматыда LRT желісін кім салатыны белгілі болды

371

Шаһарда жылдам рельсті көлік құрылысы қарқын алды.  

Алматыда LRT желісін кім салатыны белгілі болды Фото: Алматы қаласының әкімдігі

Алматыдағы алғашқы LRT желісінің құрылысымен айналысатын компания белгілі болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қала әкімінің Бейжіңге жұмыс сапары барысында қытайлық CRRC компаниясы мен қазақстандық "Integra Construction KZ"ЖШС арасында жобаны іске асыру және жылжымалы құрамды жеткізу жөніндегі меморандумға қол қойылды. Тапсырыс беруші – Алматы қаласының жол инфрақұрылымын дамыту басқармасы.

Бұған дейін алматылық LRT жобасының техникалық-экономикалық негіздемесі әзірленіп, мемлекеттік сараптамаға жіберілген болатын. Ал сәуір айынан бастап құрылысқа дайындық аясында Төле би көшесіндегі ескі трамвай рельстерін бөлшектеу жұмыстары басталды.

1998 жылы құрылған "Integra Construction KZ" компаниясы теміржол, автожол және тұрғын үй құрылысы саласында жұмыс істейді. Компанияның бенефициарлық иесі – Мүтәліп Шахмұрат. Қазіргі таңда кәсіпорын "Мойынты–Қызылжар" теміржол желісінің құрылысын жүзеге асырып жатыр.

Қалалық мәслихатта мәлім етілгендей, ұзындығы 18,3 шақырым болатын LRT жобасының алғашқы кезеңіне 61,4 млрд теңге қарастырылған. Жоспар бойынша құрылыс 2027 жылдың желтоқсанында аяқталуы тиіс.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу