Алматыда LRT желісінің рельстері төселіп жатыр

267

LRT бірінші желісі 2027 жылдың аяғында іске қосылады.  

Алматыда LRT желісінің рельстері төселіп жатыр Фото: Алматы қаласының әкімдігі

Алматыда Бауыржан Момышұлы көшесінде LRT бірінші желісі құрылысының жаңа кезеңі - темірбетон шпалдар мен рельс төсеу жұмыстары басталды. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі таратқан ақпараттан белгілі болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Белгілі болғандай, тиісті жұмыс қажетті жер қазу және инженерлік коммуникацияларды қайта орналастыру шаралары аяқталған учаскелерде кезең-кезеңімен қолға алынған.

Бауыржан Момышұлы көшесіндегі учаскенің ұзындығы – 4,4 шақырым. Қос жолды желі салу аясында 14 784 темірбетон шпал мен 1 408 рельс төсеу көзделген. Сонымен қатар жобаның бірінші кезегіне кіретін басқа учаскелерде, оның ішінде Төле би көшесінде де жұмыстар жалғасып жатыр. LRT желісі өтетін аумақта орналасқан инженерлік желілер технологиялық үдеріске сәйкес кезең-кезеңімен қайта орналастырылып жатыр.

LRT бірінші желісінің алғашқы кезегі Алатау ауданындағы индустриялық аймақта орналасқан деподан басталып, Бауыржан Момышұлы көшесімен, одан әрі Төле би көшесі және Абылай хан даңғылы арқылы "Алматы-2" теміржол вокзалына дейін созылады. Бірінші кезектің соңғы нүктесі ретінде "Райымбек батыр" көлік ауыстырып міну торабы қарастырылған.

Жоспар бойынша LRT бірінші желісі 2027 жылдың соңында іске қосылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу