Алматы қаласы мәдениет басқармасының жаңа басшысы тағайындалды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
"Алматы әкімі Дархан Сатыбалдының өкімімен Мәдениет басқармасының басшысы болып Данияр Әлиев тағайындалды", – деп жазылған хабарламада.
Данияр Әлиев Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін "Тарих" мамандығы бойынша, Алматы университетін "Құқықтану" мамандығы бойынша тәмамдаған. Ол – гуманитарлық ғылымдар магистрі.
Әр жылдары Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік архиві мен Алматы қаласының тарих музейінде бөлім меңгерушісі, Алматы қаласы Мәдениет басқармасы басшысының орынбасары қызметтерін атқарған.
Сондай-ақ, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитеті төрағасының орынбасары қызметтерін атқарды. Бұған дейін Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасын басқарды.