Алматыда мәйіттерді зорлап, суретке түсірген күзетші ақыл-есі дұрыс емес деп танылды

456

Іс жабық сот отырысында қаралды. 

Алматыда мәйіттерді зорлап, суретке түсірген күзетші ақыл-есі дұрыс емес деп танылды Фото: Depositphotos.com

Алматы мәйіттерді қорлаған күзетші ақыл-есі дұрыс емес деп танылып, психиатриялық емдеуге жіберілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қалалық соттың мәліметінше, іс материалдарына сәйкес, ер адамның созылмалы психикалық ауытқушылықпен ауыратыны белгілі болды. 

"2023 жылғы сәуірден 2023 жылғы қазанға дейінгі кезеңде мәйітхана ғимаратында бірнеше рет мәйіттердің денелерін қиянаттады және ол ұялы телефонына осының барлығын видеоға түсіріп алған. Сарапшылардың қорытындысына сәйкес, ер адамға психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеу түріндегі медициналық шараларды қолдану ұсынылды. Сот сараптамалық қорытындыларға сүйене отырып, Б.-ның өз іс-әрекетін жасау кезінде есі дұрыс еместік жағдайда болғаны және созылмалы психикалық ауруына байланысты өз іс-әрекетінің мәні мен қоғамдық қауіптілігін түсіне алмайтындығы, сондай-ақ оларды басқара алмайтындығы туралы қорытындыға келді", – делінген хабарламада.

Сотталушы есі дұрыс емес деп танылып, психиатриялық стационарға мәжбүрлеп емдеуге жіберілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу