Алматыда мамандандырылған ХҚО бөлімі жұмысын тоқтатады

655

Осыған дейін Алматы қаласында автокөлік иелеріне арналған 5 мамандандырылған ХҚО жұмыс істеді.

Алматыда мамандандырылған ХҚО бөлімі жұмысын тоқтатады

19 қыркүйектен бастап Серіков көшесі, 2 а мекенжайында орналасқан №3 мамандандырылған ХҚО бөлімі жұмысын тоқтатады, деп хабарлайды inbusiness.kz  порталы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

"Құлагер" шағын ауданының №3 мамандандырылған бөліміне қызмет алушылар аз келеді. Көбінесе автокөлік иелері қызмет алу үшін №1, №2, №5 және №6 бөлімдерге жүгінеді немесе қызметтерді екінші деңгейдегі банктердің қосымшалары арқылы онлайн алады. Аудан тұрғындарының тарапынан автокөлікке қатысты қызметтерге сұраныстың болмауына байланысты бөлім жұмысын тоқтатуға шешім қабылданды", – деді "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕ АҚ Алматы қаласы филиалының директоры Абдурасул Кулдашов.

Осыған дейін Алматы қаласында автокөлік иелеріне арналған 5 мамандандырылған ХҚО жұмыс істеді.

"Енді, авто көлік иелері қаладағы 4 мамандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарының жүгіне алады. Олар "Саялы" ықшам ауданы, Аққайнар көшесіндегі №1 мамандандырылған бөлім, Майлин көшесі, 85 №2 мамандандырылған бөлім, №5 мамандандырылған бөлім-Түрксіб ауданы, "Қайрат" шағын ауданы, Құлжа даңғылына орналасқан. №6 мамандандырылған бөлім – "Кемел" шағын ауданы, Ақсуат көшесі, 118, мекенжайында", – деп атап өтті Абдурасул Кулдашов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу