Алматыда марафон: қай көшелер жабылады

246

Алматыда 12 қарашада City Run 2023 қалалық жарысы өтеді.

Алматыда марафон: қай көшелер жабылады Фото: inbusiness.kz

Спорттық шараға байланысты шаһарда қай көшелер жабылатыны айтылды, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

"Осыған байланысты жарыс өтетін жерлерде жолдарда қозғалыс ішінара жабылады. Сөре пен мәре Төле би көшесіндегі "Астана" алаңы. Бағыт Наурызбай батыр, Шевченко, Бөгенбай батыр және Панфилов көшелерінен өтеді", делінген хабарламада.

4:00-ден 11:00-ге дейін Төле би көшесі (Абылай хан даңғылынан Панфилов көшесіне дейін). Баламалы жолдары: шығыс бағытында Гоголь көшесі, батыс бағытында Абай даңғылы.

7:45-тен 09:40-қа дейін Төле би көшесі (Наурызбай батыр көшесінен Абылай хан даңғылына дейін). Баламалы жолдары: шығыс бағытында Гоголь көшесі, батыс бағытында Абай даңғылы.

8:00-ден 09:30-ға дейін Наурызбай батыр көшесі (Төле би даңғылынан Шевченко көшесіне дейін). Көлікпен жүрудің баламалы жолдары: Сейфуллин даңғылы.

8:05-тен 09:20-ға дейін Шевченко көшесі (Наурызбай батыр көшесінен Панфилов көшесіне дейін). Көлікпен жүрудің баламалы жолдары: Абай даңғылы.

8:15-тен 09:45-ке дейін Панфилов көшесі (Төле би көшесінен Бөгенбай батыр көшесіне дейін). Көлікпен жүрудің баламалы жолдары: Назарбаев даңғылы.

8:15-тен 09:45-ке дейін Бөгенбай батыр көшесі (Назарбаев даңғылынан Абылай хан даңғылына дейін). Көлікпен жүрудің баламалы жолдары: шығыс бағытында Гоголь көшесі, батыс бағытында Абай даңғылы.
8:15-тен 09:45-ке дейін Абылай хан даңғылы (Төле би көшесінен Бөгенбай батыр көшесіне дейін). Көлікпен жүрудің баламалы жолдары: Назарбаев даңғылы және Сейфуллин даңғылы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу