Алматыда марафон өтіп жатыр

721

Алматыда марафон өтіп жатыр

Алматыда әуесқойлар арасында бұқаралық сипаттағы қайырымдылық спорт шарасы осымен жетінші мәрте өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Алматы марафонына" қатысушыларына табиғат та бар жылуын төгіп, аспанда шөкімдей де бұлт болған жоқ. Ұйымдастырушылардың айтуынша, жарыс өткен күні жыл сайын аспан шайдай ашық.

"2018 жылы алдымызға үш қайырымдылық мақсат қойылған. Бұл - "Мен сенімен біргемін" онкологиялық ауруы бар балаларға арналған алғашқы хоспис. Мұнда ауыр науқасқа шалдыққан балалар медициналық күтімге алынып, туыстарының жанында рухани және психологиялық көмекке қол жеткізеді. Сонымен қатар екі бірдей арнайы (коррекциялық) мекеме, интеллектуалдық кемістіктері бар балаларға арналған мектеп-интернат пен Есік қаласындағы көзі нашар балаларға арналған №6 мектеп-интернат. Алғашқы жиналған жарналық қаржыға спорт алаңдары салынады", - деді "Алматы марафонның" директоры Салтанат Қазыбаева.

Биылғы жүлде қоры 1,9 млн теңгені құрайды. Қашықтықты аяқтаған барлық қатысушылар медаль тапсырылады, ал алыс қашықтықтың  жеңімпаздары медаль мен қатар ақшалай сыйлыққа ие болады. Осыған байланысты бірқатар көшелердегі қозғалыс уақытша тоқтатылды, көшелердегі қозғалыс сағат 14:30-да қалпына келеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу