Алматы қаласының Энергетика және су жабдықтау басқармасы Таулы Қырат шағынауданында су құбыры желілері мен сорғы станциясын қайта жаңарту жобасы аясында жүргізіліп жатқан құрылыс-монтаж жұмыстары туралы хабарлайды.
Қажетті жұмысты орындауға байланысты әл-Фараби даңғылының Марков көшесімен қиылысының бөлігінде бір жолақ уақытша жабылады.
Бұл шара уақытша сипатқа ие және құрылыс-монтаж жұмыстарының қауіпсіз әрі тоқтаусыз жүргізілуін қамтамасыз етуге бағытталған.
Қала тұрғындары мен жүргізушілерге бағытын жоспарлау кезінде өзгерістерді алдын ала ескеруін өтінеміз. Уақытша қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз.