Алматыда мас келіншек көлікпен жаяу жүргіншіні қағып кетті

846

Қайғылы оқиға Розыбақиев көшесіндегі MEGA Alma-Ata СОО алдында болды.  

Алматыда мас келіншек көлікпен жаяу жүргіншіні қағып кетті

Алматыда мас әйел көлікпен жаяу жүргіншілер жолымен жүріп бара жатқан адамды қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Hyundai автомобилін 1992 жылы туған келіншек тізгіндеген. Ол қамауға алынды.

Алматы қаласы ПД Тергеу басқармасының мәлімдеуінше, Hyundai автомашинасын жүргізген 1992 жылы туған мас келіншек жаяу жүргіншіні басып кеткен. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.

"Осы дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабымен ("Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы") тергеліп жатыр", –  деп мәлімдеді Алматы қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.  

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу