Алматыда мас жүргізушінің кесірінен полиция қызметкері қайтыс болды

943

Ал екіншісінің жағдайы ауыр. 

Алматыда мас жүргізушінің кесірінен полиция қызметкері қайтыс болды

Бүгін сағат таңғы 05:26-да Алматы облысында қайғылы жағдай орын алды. Қарасай ауданы Көксай ықшамауданында мас жүргізуші блок-бекетті бұзып өтпек болып, патрульдік көлікті барып соқты. Салдарынан көліктегі полиция қызметкерінің бірі оқиға орнында қайтыс болса, екіншісі ауыр жарақат алып, ауруханаға жеткізілген.

Polisia.kz-тің хабарлауынша, Жаңа Ғасыр көшесімен қиылыста, Кожабекова көшесімен солтүстік бағытта келе жатқан 1992 жылы туған "BMW" маркалы автокөліктің жүргізушісі 4-бақылау-өткізу бекетіне соқтығысқан. Алдымен бетон қоршауға барып соғылып, содан кейін инерциямен патрульдік көлікті соққан.

"Патрульдердің бірі, 42 жастағы Жарас Жанғазиев алған жарақаттардан жедел жәрдем келгенге дейін қайтыс болды. Оның әріптесі, Дастан Абдықанов жақын жерде орналасқан ауруханаға өте ауыр жағдайда жеткізілді. "BMW" жүргізушісі қамауға алынды. Бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Алматы Полиция департаментінің басшылығы мен жеке құрамы қызмет бабында қайтыс болған Жарас Жанғазиевтің отбасына қайғырып көңіл айтады және орны толмас қайғыға ортақтасады",– деп жазылған хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу