Алматыда маска тақпағандарға 225 млн теңге айыппұл салынған

724

Мониторингтік топтар 37 972 объектіні тексерген. Олардың басым бөлігін карантин талабын сақтамаған. 

Алматыда маска тақпағандарға 225 млн теңге айыппұл салынған

Жыл басынан бері Алматыда маска тақпаған тұрғындарға шамамен 225 млн теңге көлемінде айыппұл салынды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Қала әкімдігінің мәліметінше, 2021 жылғы 1 қаңтардан 4 қыркүйек аралығында мониторингтік топтар карантин талабын бұзған 3626 объектіні анықтаған.

"Биыл заңбұзушыларға қатысты 5 706 хаттама жасалды, оның ішінде 597 заңды тұлғаға 209 млн теңгеден асатын айыппұл салынды, жеке тұлғаларға қатысты маска тақпағаны үшін шамамен 225 млн теңге айыппұл салынып, 5109 хаттама толтырылды. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 425 бабы 3-бөлімі 1-тармағы бойынша 65 нысанның жұмысын тоқтату туралы шешім қабылданды", - деп жазылған хабарламада.

Алматыдағы әкімшілік соттарда 462 бап бойынша 76 материал жіберілген.

"СЭБД істері сотта қаралатын карантинді жиі бұзатындарды нысандарды атады. Оның ішінде Alimus бильярд клубы, "Алем" караоке клубы, Port Billiard Hall бильярд клубы, "Лабиринт" кафесі, "Лала" дүкені, Kuanysh Grand Hall банкет залы, Late niqt шоу бары, "Бәйтерек" мейрамханасы бар", - деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, бүгінде қаладағы эпидемиологиялық жағдай тұрақсыз, мұнда тәулік сайын коронавирус жұқтырудың 1000-1200 дерегі тіркеліп жатыр.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу