Ұйымдастырушылар өздерін "YouTube", "WhatsApp" және "Telegram" әлеуметтік желілері арқылы жарнамалап, азаматтарды "Matic Basket" жобасына ақша салуға шақырған, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Салымшылардың салған ақшалары 5 000 теңгеден 1 100 АҚШ долларына дейін жеткен. Алайда салымшыларға ақша салғанын растайтын ешқандай құжат берілмеген, әрі олармен келісімшарт немесе ресми келісімдер жасалмаған.
Жаңа қатысушыны тартқан жағдайда әрбір қаржылық операциядан 10% көлемінде кіріс түсетіні айтылған.
Нәтижесінде қаржы пирамидасына Қазақстан мен ТМД елдерінің 1900-ден астам азаматы тартылып, жалпы сомасы 80 млн теңгеден астам қаражат салынған.
Күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасы ретінде елден шығуға тыйым салынды.
Тергеу амалдары жалғасуда.